Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесті. Кездесу барысында журналистермен де тілдесіп,  Каспий теңізінің тағдырына алаңдаймын деп айтты.

AZERTAC агенттігінің өкілі Каспий теңізінің тағдырына қатысты сұрақ қойды.

Ресей Президентінің сөзінше, Ресей мен Әзербайжан үкіметтері бұл мәселені шешу үшін бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселені Әзербайжан Президенті Ильхам Гейдарұлы көтерді, мен бірден ден қойдым. Бұл өте ауқымды мәселе, тіпті жаһандық сипатқа ие деуге де келеді. Біз Арал теңізіне қатысты және басқа да мысалдарды білеміз. Мұндай жағдайда келісілген қадамдарды дер кезінде қабылдау қажет. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Ресей мен Әзербайжан үкіметтері бірлесіп жұмыс істеп жатқанынан хабардармын. Мұнда ең бастысы асығыстыққа салынбай, табанды әрі жүйелі түрде әрекет ету керек», – деді Путин журналистердің сауалына берген жауабында.