Қазақстанның кірісі азайып, көздеген жоспары орындалмады

Республикалық бюждетке 19,6 трлн теңге түскен. Жоспар 608,6 млрд теңгеге орындалмаған.
— Республикалық бюджеттің кірістері жылдық жоспардан 97,2 пайызға орындалып, бюджетке 19,6 трлн теңге түсті. Оның ішінде, республикалық бюджеттің меншікті кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 13,5 трлн теңгені құрады, — деді М. Такиев.
Кірістер бойынша түсімдердің төмендеуіне келесі факторлар әсер еткен:
— біріншіден, әлемдік геосаяси жағдайға байланысты кейбір өндіріс көлемінің қысқаруы мен логистикалық шығындардың өсуіне байланысты 188 ірі кәсіпорын бойынша түсімдер 1,4 трлн теңгеге азайды;
— екіншіден, бюджет есебінен 1 трлн 216 млрд теңге сомасында қосылған құн салығын рекордты мөлшерде қайтару болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
— үшіншіден, есепті жылы негізгі экспорттық металдар бағасының құбылмалығы сақталды. Мысалы, мырыш бағасы 22%-ға, алюминий 8%-ға төмендеді;
— төртіншіден, үшінші елдерден келетін импорт көлемі 2 млрд АҚШ долларына азайды.
— Сонымен қатар, 2024 жылы экономикадағы көлеңкелі айналымды қысқарту, оның ішінде фискалдық әкімшілендіруді цифрландыру жұмыстары жалғасты, осы арқылы бюджетке қосымша 1 трлн 280 млрд теңге түсті. 2023 жылмен салыстырғанда 349 млрд теңгеге немесе 37% көбейді. Мысалы, шамамен 377 млрд теңге тексеру актілері бойынша салықтар қоса есептеліп, камералдық бақылау қорытындысы бойынша бюджетке 262 млрд теңге өндіріп алынды, — деді министр.