Ақтаулық сүңгуір Каспий теңізінің тұңғиығына шөккен қоқысты жинап, бір шақырымнан астам аумақты тазалады
16.06.2025

Ақтаулық сүңгуір, жақсылық қылуға жаны асық жан — Қанат Абдиев Каспий теңізінің тұңғиығына бойлап, көл табанын, яғни 1 270 метр аумақты қоқыстан тазартты.
БАҚ хабарлауына қарағанда, сүңгуір теңіз түбін ұдайы тазалап келген. Біраз өз жақсылығын жария етуді жөн көрмеген.
Айналасын ғана емес, су түбін де таза ұстауға жаны асық сүңгуір азамат бұл жолы 8-10 метр тереңдікте жатып қалған қалдықтарды жинап, бір қап қоқысты жағалауға шығарды.
– Ақтауда сүңгуірлердің арнайы чаты бар. Тазалықпен жалғыз мен емес, өзге де сүңгуірлер айналысады. Су астында көбіне тамақ қалдықтары, пластик бөтелкелер мен полиэтилен пакеттер жатады. Барша тұрғынды теңізді ластамауға және табиғатты аялауға шақырамын, – деді Қанат Абдиев.