Трамп «Алтын картаны» 5 миллион долларға сатып алуға болатын өз сайтын іске қосты

Дональд Трамп «Алтын карта» деген жаңа сайт жасақтап, Америкаға «төте жол» сызбақшы.
АҚШ президенті Дональд Трамп «алтын карта» алу үшін «күту кезеңі» ашылғанын жариялады, тіркелу құны — 5 миллион доллар. Трамптың хабарлауына қарағанда, trumpcard.gov Америка Құрама Штаттарына заңды жетудің, яғни иммиграцияның төте жолы.
Америка басшысы АҚШ-та тұрақты түрде тұруға жол ашатын «алтын карта» алуға қызыққандарға қарата сөз айтты. Қалай тіркелуге болатынын түсіндірді:
«Мыңдаған адам қоңырау шалады, менен бүкіл әлемдегі ең жақсы ел мен нарыққа апаратын ғажайып жолды сұрайды. Бұл ел — Америка Құрама Штаттары деп аталады! Күту тізімі ашық», — деп жазды Трамп Truth Social-да.
Шетел азаматтары «Алтын карта» алу мерзімі басталғаны жайлы хабарлама алу үшін есім-cойын, тұратын жерін және электрондық поштасын қалдыра алады.