Лондон қаласында АҚШ пен Қытай тараптары тарифтер бойынша ортақ келісімге келді.

Мұны Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Қытай Америкаға сирек кездесетін металдарды, оның ішінде магниттерді жеткізуге уағдаласты.

«Қытаймен жүрген мәміле аяқталды. Менің және Си Цзиньпиннің түпкілікті мақұлдауы керек. Қарым-қатынас тамаша! Осы мәселеге назар аударғаныңызға рақымет», — деп жазды Трамп.

Ал, АҚШ Қытай студенттеріне америкалық колледждер мен университеттерде оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, АҚШ Қытай өнімдеріне 55% баж салығын салса, Бейжің тек 10% тариф енгізеді.