iPhone енді түрлі тіл арқылы тілдескен қолданушылар қоңыраулары мен хабарламаларын автоматты түрде аудара алады

Apple өзінің жыл сайынғы тұсаукесерін өткізді. Бұл жолы iOS 26 жаңа операциялық жүйесін таныстырып, ерекшеліктерін атады. Айта кету керек, Apple биыл жүйесін түбегейді жаңартып отыр.
Өзгерісте iPhone-ға ғана емес, сонымен қатар барлық басқа платформаларға әсер ететін ең үлкен бағдарламау жасақтамасының дизайны бар. Енді iPadOS 26, macOS Tahoe 26, watchOS 26 және tvOS 26 да бірыңғай дизайн сипатына көшеді.
Мұнымен қоса алғанда, Apple камера дизайнын түбегейлі жаңартты. Енді кадр айқындау процесі жедел жүреді. Самал жел әсерінен тербелген «көл бетіндей» тымық сипатқа ие болады.
Сонымен қатар iPhone енді ұғыну мен түсінісудің ортақ құралына айналмақ:
iPhone енді түрлі тіл арқылы тілдескен қолданушылар қоңырауын және хабарламаларды автоматты түрде аудара алады. Тілдесу, сөйлесу барысында қолданушыларға ыңғайлы тілдің аударма мәтіні қатар ұсынылады.