Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok мектебі ашылады

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен креативті жастарға арналған TikTok мектебі ашылады. Бұл жайлы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Оқу бағдарламасы екі айға жоспарланған және аралас форматта өтеді: сабақтардың жартысы онлайн, жартысы офлайн форматта ұйымдастырылады. Курсты TikTok саласының маманы, блогер, әлем бойынша жалпы аудиториясы 23 миллионнан аса оқырманы бар @adaliatta жүргізеді.
Мектеп қатысушыларға контент жасаудың қыр-сырын және оны әрімендамытуға бағытталған. Оқу барысында жастар TikTok трендтерімен, платформаның алгортимдерімен, сторителлинг негіздерімен, түсірілім және монтаж әдістерімен танысады. Сонымен қатар жеке бренд қалыптастыру мен аудиториямен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жоба жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және оларды заманауи цифрлық индустрияларға тартуға арналған тиімді алаң болмақ.
Алғашқылардың бірі болып тіркелген – жас контентмейкер Ернар Сембеков. Ол бейнежазбалар түсіріп жүргенімен, қаралым мен жазылушылар санын арттыруда қиындықтарға тап болуда.
«Бұл мектеп мен үшін контентпен дұрыс жұмыс істеуді үйренуге үлкен мүмкіндік. Сарапшылардан ақыл—кеңестер алып, өз идеяларымды сәтті жобаларға айналдыруды үйренемін деп үміттенемін», – деді ол.
Өтінімдер 6 маусымға дейін қабылданады. Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf9dQ1iq0ybMovrEpk7qKyBaS4ZtiKdhzJnGya9m_5MtmZ21A/viewform