Оңтүстік Кореяның жаңа басшысы белгілі болды.  Саяси науқанның өзі тартысты сипатта өрбіп, «Кальмар ойыны» және k-pop стилінде өтті. 

Президент орнынан үміт еткендер көрермен назарын аударып, «мың құбылды».  Саясаткерлер «Mad Max» фильмінің кейіпкерлері, k-pop өкілдері және «Кальмар ойынына» (Squid Game) қатысушылар ретінде бақ сынасты. Үрдістің барлығы корей ұлтының телевизиясында бейнеленіп, графика, монтаж қуаты мен ерекше эфирінің арқасында жанданды.

Нәтижесінде, ел азаматтарының 49%-дан астамы оппозициялық демократия партиясының өкілі Ли Джэ Минді таңдады. Саясаткер Дже Мин жеңіске жетті. «Халық Күштері» партиясының белді өкілі Ким Мун Суға таңдауы түскендердің көрсеткіші 41% болды.

file-20250604-683fe13fa4729

контент: ашық дереккөз