ChatGPT Қазақстанға салық төлейтін болды
27.05.2025

Фото: medium.com
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады. Комитет OpenAI компаниясының шартты түрде тіркелгенін, ендігіде салық төлейтінін хабарланды:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділ салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді», – делінген хабарламада.
OpenAI – жасанды интеллект саласындағы жетекші ұйым, ел арасында кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.