Украина мен Ресей арасындағы келіссөзге Путин емес, Лавров пен Ушаковтың баратыны хабарланды.

Владимир Путиннің Ыстамбұлда өтетін келіссөзге қатысатыны жайлы дерек жоқ, баратыны, не бармайтыны жоспарланбаған,- деп хабарлады The Washington Post.

Келіссөзге Ресей атынан президент көмекшісі Юрий Ушаков қатыспақ.  Жанына Ресей сыртқы істер министр Сергей Лавровты ертуі мүмкін.  Десе де, бұл мәселенің «әлі нақты шешілмегені айтылды».

Реті келгенде айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский осы аптада ашық пікір айтып, келіссөзге Ресей басшысы Владимир Путин келген жағдайға ғана қатысатынын мәлімдеген еді.