Қуаты 1 млрд м3 газ өңдеуге жететі зауыттың құрылысы бақыланды. Өндіріс үрдісін QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов тексерді.    

QazaqGaz ҰК баспасөз қызметі жобаға қатысты деректерді алға тартты. Жоба толық жүзеге асқанда тауарлық газдың ресурстық базасы жылына 727 млн. м3, газ моторлы отын және органикалық синтез үшін шикізат жылына 115,5 мың. тн, мұнай-химия өндірісі үшін газ композиті жылына 17 мың тоннаға және түйіршіктелген күкірт көлемі жылына  218,5 мың тоннаға артады деп күтіліп отыр.

inbusiness.kz сайтының жазуына қарағанда, қазір металл конструкцияларын жасау, сапаны бақылау үшін қосымша мамандарды тарту, қажетті материалдарды уақтылы жеткізу қолға алынған. Бас мердігер ретінде Kazakh Construction Group серіктестігі аталды.

Бүгінде құрылыс алаңына 1600 адам және 277 дана техника жұмылдырылған. Бетон құю, металл конструкциялары мен эстакадаларды монтаждау, резервуарларды жинау жұмыстары жүріп жатыр.Жұмысшылар үшін қауіпсіздік аудиттері мен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады.

 Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:

  •  Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары — 41 476 м³ (жоспар 72 447 м³), прогресс 57,2%.
  •  Металл конструкцияларының монтажы – 2 357 тонна (жоспар 19 830 тонна), прогресс 11,9%.
  •  Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 2 545 тонна (жоспар 9 149 тонна), прогресс 27,8%.
  •  Резервуарларды монтаждау – 379 тонна (жоспар 2 705 тонна) прогресс 14%.
  •  Жерасты құбырларының монтажы – 13 911 м (жоспар 56 447 м) прогресс 24,6%.

Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүріп жатыр, жұмыс барысын Энергетика министрлігі де бақыламақ.