Америкалық ғалымдар «елінен безіп жатыр». Бағыты Қытай ма, Еуропа ма?

Америка Құрама Штаттарында климаттық және эпидемиологиялық зерттеулерге бөлінетін қаржы қысқарып жатыр.
Еуропа американдық ғалымдардың ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері бойынша қоныс аударғанын қалайды. Олардың көпшілігінің қоныс аударуына ел президенті Дональд Трамптың қаржы қысқартуы себеп болған. Сонымен қатар мемлекеттік шығындарды азайту және Америкадағы саяси климаттың өзгеруі де ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Financial Times (FT) газеті жазады.
Францияның жоғары білім және зерттеу министрі Филипп Батист қазірдің өзінде Еуропаның жетекші ғылыми-зерттеу мекемелеріне АҚШ мамандарын тартуды қолға алып, ЕО-ға шақырту жолдауды ұсынды.
Осыған байланысты Францияның оңтүстігіндегі Экс-Марсель университеті АҚШ ғалымдарына арналған «Көшу бағдарламасын» іске қосатынын жариялады. Ұлыбританиядағы Кембридж университеті де АҚШ мамандарына құшақ ашып отыр. Олар биомедицинадан жасанды интеллектке дейінгі спектрде әртүрлі мамандарды тартуға тырыспақ. Швециядағы Каролинск медициналық институты Еуропаға көшу мүмкіндіктеріне қызығушылық білдірген АҚШ мамандарының біршама екенін мәлімдеді.
Америкалық ғалымдар үшін Еуропа ғана емес, Қытай да таласқа түсуі мүмкін. Бұл хақында америкалық ғылымды дамыту қауымдастығының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі бас маманы Джоан Падрон Карни мәлімдеді.