Азық-түлік картасының азабы. Тұрғын Түркиядағы оппозиция лидеріне тұра ұмтылып, бетінен ұрды

Ел тұрғыны Түркиядағы оппозиция партиясын бастаған азаматқа жұдырық ала жүгіріп, жүзінен ұрды.
Ататүрік Мәдениет орталығының шығаберісінде Өзгүр Өзелге тұра ұмтылған тұрғынға қатысты бейнекадр тарады. БАҚ жазғанына қарағанда, оған жұдырық ала жүгірген тұрғын бұрын да қылмыс жасаған. Атап айтқанда, 2004 жылы екі баласын өлтіргені үшін сотталған. Түркия медиасы бұл азаматтың 66 жастағы «С.Т.» екенін мәлімдеді (Селчук Тенгиоглу, басқа БАҚ мәліметтері бойынша).
Ол азық-түлік карталарын беруден бас тартқаны үшін «Республикалық халық партиясына (CHP)» ашуланғанын мойындады. Ашу шақырған кезінде де «мен Ұлы османлылар ұрпағымын!» деп айғайлаған.
Болған жағдайға қатысты ел басшысы Ердоған да, танымал саясаткер Имамоғлу да пікір білдіріп, саясаткерге тұра ұмтылған азамат әрекетін айыптап жатыр.