«Туристердің 87,7%-ы ел ішін кезген». Қазақстандықтар шетел аралап, жат жерде тынығуды доғарды

Былтыр елімізде 11 000 287 адам саяхатқа шыққан. Ел тұрғындарының 9 903,5 адам (87,7%) өңірлер мен республика ішінде саяхаттаған. Тек 1 383,4 адам (12,3%) ғана шетелге сапарлаған.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстан азаматтарының басым бөлігі демалу мақсатында саяхаттаған. Көрсеткіші — 10 532,8 адам (93,3%), ал іскерлік және кәсіби мақсатта — 754,2 адам (6,7%) сапар шеккен.
Ел ішінде саяхаттаған туристердің көпшілігі қонақ үйде қалмағаны байқалады. Яғни, жатын орын үшін туыстары мен таныстарының шаңырағына ат басын бұруды жөн көрген (64,2%) . Қонақ үйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және шипажайларда (3,3%) тоқтағандардың үлесі аз.
Қазақстандықтар қандай көлікпен қатынаған?
Ел ішінде сапарлағандардың:
өз автокөлігі — 36,1%
пойыз — 26,4%.
Ал шет елге барушылар ұшаққа мінген (55,7%).
Былтырғы қазақстандықтардың саяхатқа жұмсаған қаржысы 957,7 млрд теңге болды. Ел ішін кезуге 582,7 млрд теңге (60,8%) шығындаған.