Астанада Республика күніне орай мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен ерекше музыкалық челлендж ұйымдастырылды.

Мерекелік бастама аясында 460 оқушы мен 20 мұғалім көпшілікке танымал «Атамекен» әнін бірге орындады.

Челлендждің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді нығайту, туған жерге деген құрметті арттыру және ұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу.

Оқушылар мен ұстаздар ортақ ән арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізіп, Республика күніне арналған мерекелік бастамаға үлес қосты.

Фото: Gov.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

«Атамекен» әнін бірге орындау челленджі елордадағы Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бірі болды.