Астанада Қазақстан мен Филиппиннің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың екінші раунды өтті.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лимді қабылдады.

Фото: Gov.kz

Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Фото: Gov.kz

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ БҰҰ мен АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.

Мұхтар Тілеуберді саяси диалогтың оң серпінін атап өтті.

Фото: Gov.kz

Ол биыл қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Филиппиннің Сыртқы істер министрі М.Т. Лазаромен өткен кездесуіне тоқталды.

Фото: Gov.kz

Қазақстан тарапы Филиппиннің Астанада елшілік ашу ниетін құптады.

Сыртқы істер министрлігі тұрақты дипломатиялық өкілдіктің ашылуы екіжақты байланыстарды тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Фото: Gov.kz

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға өзара мүдделі екенін растады.