«Сән-cалтанатқа салынар салық артады». Мәжіліс депутаттары жаңа салық кодексі жобасын мақұлдады.

Мәжіліс депутаттары жаңа салық кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Жұмыс тобының жетекшісі Берік Бейсенғалиев бұған қатысты сөз сөйлеп, реформаның тиімді тұстарын қалқыға салды.
Берік Бейсенғалиевтің сөзінше, реформа салық жүйесін оңайлатуға бағытталған бірқатар негізгі өзгерістерді: салық есептілігін 30%-ға қысқартуды, салықтар санын 20%-ға азайтуды, салық жеңілдіктерін оңтайландыруды, сараланған мөлшерлемелерді енгізуді, инвестициялық белсенділікті ынталандыруды, сән-салтанат заттарына жүктемені арттыруды және басқа да бірқатар өзекті міндеттерді шешуді көздейді.
— Жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық әкімшілендіру мәселелеріне баса назар аударылады. Жобалар өткен жылдың қыркүйегінен бастап Парламент Мәжілісінде талқылануда. Бірінші оқылым ағымдағы жылдың 9 сәуірінде өтті. Ағымдағы жылы Үкімет салық-бюджет реформасын жүргізуге бағытталған заңнамалық бастамалар пакетін енгізді. Депутаттық корпус Үкіметпен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп барлық өзекті мәселелер бойынша тәсілдерді талқылау және келісілген шешімдер әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді, дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, бастапқыда үкімет ұсынған 20% мөлшерлеме 16%-ға дейін төмендетілді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін көтерілді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі енгізіледі: 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап – 10%.
фото: kz.kursiv.media