Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың мүшелерімен және жастармен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Фото: Gov.kz

Сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту және ел бірлігін нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі сөз болды.

Жиында жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы мен ашық диалогты дамыту мәселелеріне де назар аударылды.

Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары қарастырылды.

Фото: Gov.kz