Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және жастармен кездесті.

Кездесуге депутаттар Сергей Пономарев, Евгений Больгерт және Шерзод Пулатов қатысты.

Олар Құрылтай жұмысының негізгі бағыттары, заңнамалық бастамалар және депутаттық қызметтің басымдықтары туралы айтып берді.

Фото: Gov.kz

Жиында ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселелері талқыланды.

Ашық пікір алмасу барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар депутаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.