Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман Сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты.

Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Қарсы алу рәсімінен кейін әуежай залында екі ел басшылары қысқаша әңгімелесті.

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанының сапары екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

– Оман Сұлтандығы экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен, халықаралық аренада өте белсенді әрі конструктивті дәнекер мемлекет ретінде белгілі. Еліңіздің өз аймағында, одан тысқары жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да беделі биік.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екенін айтты.

– Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдымызда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұр.

Фото: akorda.kz

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ол алдағы келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою және мемлекеттер басшыларының қазақ-оман бизнес форумына қатысуы жоспарланған.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz