Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға сапары барысында қазақ халқының мәдениетімен және рухани мұрасымен танысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы шетел басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады.

Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі мен күтімі туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ мәртебелі меймандарға қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс ұсынылды.

Іс-шара Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға сапары аясындағы мәдени бағдарламаның бір бөлігі болды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz