Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты.

Іс-шара Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтті.

Форумға Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты.

Фото: akorda.kz

Жиын «Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері» тақырыбына арналды.

Форум интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды.

Қатысушылар жасанды интеллект технологияларының жоғары білім мен заманауи ғылым саласына ықпалын талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аймақтық хаб ретіндегі рөлі қарастырылды.

Фото: akorda.kz

Сондай-ақ еліміздің білім беру, зерттеулер және инновациялар бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа арналған стратегиялық алаң ретіндегі әлеуеті сөз болды.

Пікірталас барысында академиялық және білім беру ортасында жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар жаңа технологиялардың оқу және оқыту үдерістеріне әсерін талқылап, жоғары білім саласындағы ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Фото: akorda.kz

Форум Қазақстан мен Бельгия университеттері арасындағы байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы академиялық әріптестікті нығайтуға бағытталды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz