Астанада «JANA MEN KÙZ RUN» күзгі жүгіру жарысы өтеді
Фото: Gov.kz
Астанада 12 қыркүйекте «JANA MEN KÙZ RUN» бұқаралық күзгі жүгіру жарысы өтеді.
Спорттық іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Триатлон саябағында ұйымдастырылады.
Жарыс сағат 09:00-де басталады. Қатысушылар 3, 5 немесе 10 шақырымдық үш қашықтықтың бірін таңдай алады. Жалпы қатысушылар саны 1800 адаммен шектелген.
Жарысқа қатысу тегін. Онлайн тіркелу 9 қыркүйекте reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Офлайн тіркелу қарастырылмаған.
Старттық нөмірлер 11 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Триатлон саябағындағы «Арқар» көпірінің астында беріледі.
Жүгіру жарысының негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және елорда тұрғындарын тұрақты түрде спортпен айналысуға тарту.