Президент «Білім болашағы» көрмесінде білім жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерімен танысты
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді. Республикалық Тамыз конференциясы аясындағы шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналды.

Фото: akorda.kz
Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің AI-ассистенті таныстырылды.
Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim.AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.
Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz