Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері арнайы жедел іс-шара өткізіп, есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі азаматты қолға түсірді.

Тінту жұмыстары кезінде күдіктілердің үйлерінен бірнеше ұялы телефон, электронды таразылар, орауыш материалдар, сондай-ақ өсімдік тектес және ұнтақ күйіндегі есірткі заттары анықталып, айғақ ретінде алынды.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталғандар 2025 жылдың тамыз айынан бастап интернет-дүкендердің бірінде курьер болып, есірткі таратумен айналысқан.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай