Ғалымдар соңғы онжылдықта Аляска аймағынан мамонт сүйектерін іздестіріп, ежелгі заманға тиесілі құнды жәдігер табылғаны хабарланды. Генетиктердің мәліметіне сәйкес, мамонттар материкте мыс дәуіріне дейін өмір сүрген болуы мүмкін. Алайда Аляскада табылған соңғы сүйектерді зерттегенде олар мамонт емес, шамамен екі мың жыл бұрын аумақты мекен еткен киттерге тиесілі болып шықты.

Мамонттың (Mammuthus primigenius) нақты қашан жойылғаны палеонтология мен генетика ғылымдарында өзекті тақырп. Соңғы зерттеулерге сәйкес, Таймыр секілді континенттік аймақта мамонттар б.з.д. шамамен 3900 жылға дейін тіршілік еткен болуы мүмкін, яғни, пирамидалар дәуірінде. Дегенмен мұны нақты сүйектер арқылы дәлелдеу әлі мүмкін емес.

Мысал ретінде Аляскадағы Дом-Крик өзенінің маңында 1950 жылдары археолог Отто Гейст тапқан сүйектерді айтуға болады. Ол екі сүйек табақшасын (омыртқа эпифиздері) зерттеп, мамонт қалдықтары деп санаған және оларды музейде шамамен 70 жыл бойы мамонт сүйектері ретінде сақтаған.

The Journal of Quaternary Science журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижелері бойынша сүйектер радиоуглеродтық, изотоптық және ДНҚ талдауына ұсынылды. Радиоуглеродтық талдау сүйектердің жасын шамамен 1900–2700 жыл деп көрсетті. Егер бұл мәлімет расталса, олар материктегі ең жас мамонттар болуы мүмкін еді.

Алайда тұрақты көміртек пен азот изотоптарын зерттеу барысында сүйектер тиесілі жануар теңіз өнімдерімен қоректенген, мамонттарға тән ерекшеліктерге сәйкес келмейтіні белгілі болды. ДНҚ талдау нәтижесі сүйектердің кішкентай жолақты және Солтүстік-Тынық мұхитының киттеріне тиесілі екенін анықтады. Радиоуглеродтық мәліметті түзегенде олардың жасы 1100–1800 жыл деп анықталды.

Қалайша кит сүйектері Алясканың 400 км қашықтықтағы орталық ауданынан табылғаны әзірге белгісіз. Ғалымдар сүйектерді ежелгі адамдар тасымалдаған болуы мүмкін деп болжады. Үлкен омыртқалар сол кездегі жағалауда өмір сүрген халықтар үшін құрал жасауға немесе ритуалдық мәнге ие болуы мүмкін деген болжам бар. Сондай-ақ, Отто Гейст сол күні музейге Нортон-Бей жағалауынан алынған кит сүйектерін тапсырғандықтан, құжатта қателік кеткен болуы ықтимал.

Ғалымдардың пайымдауына қарағанда, бұл сүйектерді тасымалдау ежелгі адамдардың жағалау бойында және орталықта сауда, мәдени немесе ритуалдық байланысты орнатуға талпынғанын білдіруі мүмкін. Нәтижесінде, екі зерттелген сүйек мамонттарға тиесілі санатынан алынды. Дегенмен басты сауал жабық сұрақ күйінде қалды. Генетикалық мәліметтер мамонттардың адам өмір сүрген дәуірде тіршілік еткенін көрсетсе де, материалдық дәлелдер әлі табылмады.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай