АҚШ билігі аутизмді парацетамол ішкеннен болады деп мәлімдеді. 

Дональд Трамп әкімшілігі балалар бойындағы аутизмнің дамуына тікелей парацетамолдың қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеме жасады. Әкімшіліктің мәлімдемелеріне қарағанда, жүкті әйелдердің тиленол ішіп, «сау балаға» зиян тігізеді.

Ескерте кетелік, Америкадағы парацетамол құрамында тиленол бар. Бұл туралы The Washington Post ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Газетте жарық көрген ақпаратта айтылғандай, АҚШ билігі Нью-Йорктегі Синай медицина орталығы мен Гарвард ғалымдарының соңғы зерттеулеріне сілтеме жасаған. Сонымен қатар Трамп әкімшілігі таяу арада тиленол қолдануды шектесек деп отыр. Осылайша, саясаткерлер жүкті әйелдерді ыстығы көтерілгенде ішетін дәріден сақтандырмақ.