Ларри Эллисон әлемдегі ең бай адам атанып, Илон Маскты басып озды

Ларри Эллисон Илон Масктан озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде алғаш рет көш бастады, Илона Маскты деп хабарлайды Bloomberg.
10 қыркүйекте Oracle Corp. компаниясының тоқсандық есебі жарияланып, алдағы өсімге болжам жасалды. Мәлімдемеден кейін Эллисонның қазынасы 101 млрд долларға артты.
Нәтижесінде көш бастаған тұлғаның жалпы капиталы 393 млрд долларға жетті. Бұл Масктың байлығынан шамамен 385 млрд долларға көп. Bloomberg Billionaires Index жария еткен дерекке қарағанда, мұндай көрсеткіш тарихтағы бір күнде болған ең үлкен өсім.
Маск алғаш рет 2021 жылы әлемнің ең бай адамы атанған еді, кейін бұл мәртебені Джефф Безосқа (Amazon.com Inc.) және Бернар Арноға (LVMH) берген. Өнертапқыш былтыр қайта бірінші орынға көтеріліп, өз орнын 300 күннен астам уақыт бойы ұстап тұрды.
81 жастағы Эллисон — Oracle компаниясының негізін қалаушының бірі. Бүгінде директорлар кеңесінің төрағасы әрі техника жөнінде директор. Байлығы деректер базасының акциясына тиесілі.
Oracle акциялары биыл жыл басынан бері 45%-ға өскен еді. Ал 9 қыркүйек, сейсенбі күнгі сауда жабылғаннан кейін, сәрсенбіде тағы 41%-ға шарықтап, тапсырыс көлемінің лезде артуы мен бір күн ішінде ең үлкен өсімге жеткізді.
Tesla Inc. акциялары, керісінше, жыл басынан бері 13%-ға төмендеді. Дегенмен компания директорлар кеңесі Маскқа сыйақы тағайындадығ егер акция қымбаттаса компания басшысы тарихта тұңғыш триллионер атануы мүмкін.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай