2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 690 млн-ға жуық турист шетелге саяхаттаған. UN Tourism деген БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туризм ұйымы көрсеткен деректерге сәйкес, бұл былтырғы көрсеткіштен, шамамен алғанда, 5%-ға немесе 33 миллион адамға артық.  

UN Tourism мәліметтеріне қарасақ, бірінші жартыжылдықта туристердің басым бөлігі Африка құрлығын көруге ықылас танытқан. Былтырғы көрсеткіштермен салыстырар болсақ, 12%-ға артқанын байқаймыз. Солтүстік Африка (+14) мен Сахараның оңтүстік бөлігіне (+11) де мол жиһангез жеткен.

Еуропаға алты айда шамамен 340 миллион турист барған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға және пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Негізгі бағыттар:  Франция мен Испания (+5%).

Солтүстік және Оңтүстік Америкаға барғандардың саны да 3%-ға өсті.

Солтүстік Америкада АҚШ пен Канадаға сапарлайтын туристердің санында өсім байқалмады. Қайта Кариб теңізі аймағы мен АҚШ асуға деген құлшыныс бәсеңдеп отыр.

Таяу Шығыста қарай бағытталған сапарлар саны 4%-ға төмендеді.

Азия-Тынық мұхиты аймағына баратындардың саны 11%-ға өсті.

UN Tourism атап өткендей, ірі туристік бағыттар бойынша Жапония мен Вьетнамға (+ 21%), Мароккоға (+ 19%), Оңтүстік Кореяға (+ 15%), Малайзия мен Индонезияға (+ 9%), сондай-ақ Гонконг, Мексикада және Нидерландыға (+ 7%) cапарлайтындардың саны артқан.