Астана LRT-ның жылжымайтын мүлкі жалға берілмек

Әкімшілік департаменті және тұрақ кеңістіктерін басқару департаменті «City Transportation Systems» ЖШС-нің жылжымайтын мүлкін жалға беру бойынша ашық конкурс жариялады.
Конкурс ережесінде мүлікті жалға алу мерзімі, жалдау ақысы жайлы мәлімет берілген:
— Жалға беру объектілерінің мерзімі тараптар объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 11 айды құрайды;
— Жылжымайтын мүлікті жалдау шарты бойынша міндеттемесін тиісінше орындаған жалдаушының жалға алу мерзімін ұзартуға құқығы бар;
— Жалға беруші жылжымайтын мүлікті жалдау шартының қолдану мерзімін ұзарту бастамасын көтеруге құқылы.
Жалдау ақысының бастапқы бағасы:
— Бастапқы баға 1 шаршы метр үшін айына 10 000 теңге, қосылған құн салығын қоса алғанда;
— Конкурсқа қатысушы 1 шаршы метр үшін ұсынатын жалдау ақысының мөлшерін және жалпы соманы көрсетуге тиіс, сома қосылған құн салығын ескере отырып ұсынылуы қажет.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің шарты мен тәртібі:
— Өтінім қабылдау 2025 жылғы 15 тамыз, Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады;
— Өтінім қабылдауды аяқтау күні 2025 жылғы 20 тамыз, Астана қ. уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейін.
— Өтінімді қабылдау орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат.
Конкурс ережесімен «City Transportation systems» ЖШС ресми сайтында толық жазылған.
Қазір LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмысы аяқталды. Жеткізу құрылғысы осы күзд сынақтан өтеді деп жоспарланып отыр.