Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттерінің басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларына жергілікті бақша өнімдері, нан-тоқаш өнімдері және түрікмен кілемдері қойылған көрме таныстырылды.

Сондай-ақ қонақтарға әдеби-сазды «Оғыздар» қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірнеше тақырыптық алаңнан тұрды.

Мемлекеттер басшылары ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысымен танысты.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шара ТМД елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтып, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны таныстыруға арналған алаңға айналды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz