30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында Қайрат пен Реал Мадрид футбол командасының бәсекелі ойыны өтеді. Топ жанкүйерлері үшін матстың билет сатылымына қатысты ресми мәлімдеме шықты. Билеттер 23 қыркүйек 17:00-де ticketon.kz, fckairat.com, Qairat superapp сайты мен қосымшасында сатыла бастайды. Ресми дерекке қарағанда, бір адам 2 билеттен артық ала алмайды. ЖСН мен төлқұжат арқылы жанкүйердің билеті стадионға кірген кезде тексерілмек.

Билет бағасы 30000-250000 теңге аралығында. Бұл УЕФА-мен келісілген сома. Ал желіде тараған алдын ала орынды брондау, сатылымға қатысты деректер жоққа шығарылды. Бейресми арналарда бтлет сатылымы өтпейді.

Ресми ақпарат төмендегі фотода: