Қазақ мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау процесін Ресей тоқтатып қойды

Ресей енгізген жаңа тәртіпке байланысты қазақ мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау тоқтап тұр. Бұл туралы Reuters дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
kursiv.media алға тартқан дереккөздің жазуына қарағанда, шетелдің мұнай танкерлеріне Ресейдің Қара теңіздегі порттарына кіруге тыйым салынған. Себебі Ресей билігі жаңа тәртіп енгізіп отыр. Мұндай ереже Қазақстанға мұнай экспортауға кедергі жасайды. Өйткені қазақ мұнайы ішінара америкалық ірі энергетика гиганттарына тиесілі құбыр арқылы тасымалданады.
Reuters мәліметінше, Кремльдің шетел кемелеріне портқа кіруге тыйым салуына байланысты, Ресей мұнайын Новороссийск порты арқылы экспорттауға да әсер етті. Соның салдарынан әлемдегі бүкіл мұнайдың 2 пайыздан астамы нарыққа түспей қалуы мүмкін.
Қазақ мұнайының 80%-дан астамы КҚК арқылы экспортталады. Құбыр желісі оны Ресей терминалдарына жеткізеді. Reuters дереккөздерінің бірінің айтуынша, порттардағы жағдай бір-екі күнде шешілуге тиіс.