Астанада 562 несиелік пәтерге өтінім қабылдау басталды
Астанада несиелік тұрғын үй алуға өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.
Өтінімдер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.
Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысандардың кодтары – 10336, 10338, 10339 және 10340.
Жалпы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде 166 бір бөлмелі, 276 екі бөлмелі, 80 үш бөлмелі және 40 төрт бөлмелі пәтер бар.
Тұрғын үйлер 5 қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны – 332 916 теңге.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 5%-ды құрайды.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2%-дан 5,8%-ға дейін.
Бастапқы жарна мөлшері 10%-дан басталады.