Тоқаев пен Бельгия корольдік жұбы Alem.ai орталығының жұмысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады.
Құрметті қонақтарға музей экспозициясы, роботты техника аймағы және ЖИ-кинотеатр мүмкіндіктері таныстырылды.
Сондай-ақ оларға Alem.ai орталығын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы туралы мәлімет берілді.

Фото: akorda.kz
Кездесу барысында TUMO Astana білім беру бағдарламасы да таныстырылды.
Бұдан бөлек, Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.
Зертханада NeuroLearn және ParkScreen сияқты бастамалар қолға алынған.

Фото: akorda.kz
NeuroLearn жобасы жасанды интеллект, нейроғылым және бейімдеп оқыту салаларындағы зерттеулерге бағытталған.
Ал ParkScreen бастамасы Паркинсон ауруын алдын ала анықтайтын жасанды интеллект негізіндегі скрининг әдістерін дамытуға арналған.
Іс-шара барысында Гент университетінің атынан Қазақстанның талантты оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды.
Телескопта Нобель сыйлығының физика саласы бойынша лауреаттары Франсуа Энглердің, Герард ’т Хоофттың және Мишель Майордың қолтаңбасы бар.

Фото: akorda.kz
Сондай-ақ онда бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбасы қойылған.
Alem.ai орталығына жасалған сапар Қазақстан мен Бельгия арасындағы жасанды интеллект, математика, білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz


Фото: akorda.kz