Тоқаев Бельгия Королі және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралады.
Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.
Бельгия Королі мен Патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін дамытуға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу әдістері туралы баяндалды.

Фото: akorda.kz
Орталықта жеке қалпына келтіру бағдарламалары аясында роботтандырылған реабилитация технологиялары да қолданылады.
Мекеме жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам өмірінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға ерекше мән беріледі.
Король Филипп пен Патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.
Сондай-ақ мәртебелі меймандар интерактивті бағдарламаға қатысты.
Бұдан кейін олар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға кешенді көмек көрсетеді.
Орталықта церебралды сал ауруына душар болған және аутистік спектр бұзылыстары бар балалар да оңалту қызметтерін алады.
Жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен келген 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметтері көрсетіледі.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz