Кейінгі 10 жылда Парламентке қатысты шығынның тұрақты түрде еселеп айтқаны белгілі болды. 

2024 жылғы республикалық бюджет туралы заң бойынша Парламент жұмысына жалпы 29 млрд теңге бөлінген. Бұны 148 депутатқа шаққанда 195 млн теңге болады. Ал 2015 жылы бір депутатқа жылына орта есеппен 70 млн теңге жұмсалған. Салыстырмалы бағамен алғанда өсім шамамен 30% болып отыр, — деп жазды naryk.kz порталы.

Депутаттар саны азайса 154-тен 148-ге азайса да, жалпы шығындар артқаны хабарланады. Ақпаратқа сәйкес, инфляцияны ескергеннің өзінде шығын 25% артқан.

Қаржы бойынша сараптау жүргізетін порталдың жазуына қарағанда, Сенат таратылатын болса Парламент бюджеті, шамамен алғанда, үштен бірге азаймақ. Себебі Мәжіліс құрамында қазір 98 депутат бар. 2024 жылғы көрсеткіштерді есепке алғанда, 29 млрд теңгенің шамамен 10 млрд теңгесін үнемдеуге жол ашылады.

Бір айта кетерлігі, мұндай шығын Парламент жұмысын атқару, канцелярия қызметін жүргізу, демутаттар, Парламенттегі қызметкерлер қажетін өтеуден шыққан.