Байқоңыр ғарыш айлағы туристік аймаққа айналмақ

Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы – Қазақстандағы Байқоңыр туристік орталыққа айналады. Мұнда глэмпинг, қонақүйлер мен балалар лагері салынып, 2029 жылға қарай 50 мың турист тарту көзделіп отыр.
Оңтүстік далаға келген қонақтарды тарих пен тылсымға толы ғарыш сапары күтіп тұр, — деп хабарлады жоба авторлары.
Ресей Байқоңырды жалға алуды жалғастырса да, қазірдің өзінде 50-ден астам пайдаға аспайтын нысанды Қазақстанға қайтарды. Билік бұл нысандерды тек зымыран ұшырғанда ғана пайдаланбай, туристерге де көрсетіп, жаңа орталық ашпақ.
Қазір тарихи маңызы зор орындар маңында туристік инфрақұрылымға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен 1961 жылы тұңғыш ғарышқа аттанған әйгілі Гагарин старты бар. Дәл осы жерде иммерсивті экспозициялар, қонақүйлер, глэмпинг пен балалар лагері бой көтермек.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай