Қазақстанда ТМД елдері арасындағы ең төмен нақты жалақы өсімі тіркелді жарты жылда небәрі 0,3 пайыз. Статкомитеттің дерегіне қарағанда, динамикаға ең алдымен инфляция әсер еткен. Оның деңгейі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болды.

Қазақстандағы тұтыну бағаларының индексі 107 пайызға жетті. Салыстыру үшін айтсақ, Беларусьте — 105,4 пайыз, Молдовада — 105,1 пайыз. Ең аз баға өсімі Арменияда — 101,5 пайыз және Тәжікстанда — 101,8 пайыз деңгейінде тіркелген.

Нәтижесінде қазақстандықтардың жалақы мөлшері 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында өзгеріссіз қалып, 2024 жылғы деңгейде сақталды.