Ғалымдар: «Әйелдер қарым-қатынас құру үшін «тым ақылды» болып кетті»

The Independent басылымының жазуынша, бүгінде біз гетеросексуалды танысу мен қарым-қатынастың ерекше тарихи кезеңінде тұрмыз. Көп елде, соның ішінде Ұлыбританияда, адамдар некеге тұру мен бала сүюді кейінге қалдырып жатыр немесе бұл кезеңнен мүлдем бас тартып отыр.
Ұлыбританияның Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы деректері бойынша, 20-34 жас аралығындағы ерлердің 33,7%-ы ата-анасымен бірге тұрады, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш — 22,1%.
Тарихта алғаш рет әйелдер білім деңгейі бойынша ерлерден озып шықты:
Экономикалық Ынтымақтастық елдерінің басым көпшілігінде жоғары оқу орындарында қыздар жігіттерден көп. Бұл — «ірі әлеуметтік трансформация», деп атап өтеді зерттеушілер.
Сонымен қатар, әйелдер көбіне өзімен бірдей білім деңгейіндегі серіктес іздейді, бірақ «тең» ерлердің жетіспеуі жиі көңіл қалдырады. АҚШ-тың Отбасы зерттеулері институтының 2023 жылғы зерттеуіне сәйкес: жоғары білімі бар жалғызбасты әйелдердің 45%-ы өз жағдайын күткеніне сай серіктес таба алмауымен түсіндіреді. Әйелдер серіктестің саяси көзқарасы, әдеттері және қаржылық жағдайы тұрғысынан да ерлерге қарағанда талғампаз.
Биргердің айтуынша, ерлер әйелдерден саны жағынан аз болғанда танысу мәдениеті аз моногамды болып, әйелдер жиі жыныстық объект ретінде қабылданады. Мұны Йель университетінің антропологы Марсия Инхорн да «Материнство на льду» атты кітабында растады: аналық жасушаларын мұздатқан әйелдердің көпшілігі мұны мансап үшін емес, білімді, тең және ата-ана болуға дайын «лайықты» серіктес таба алмағандықтан жасаған.
Социологтар екі шешім ұсынады:
— «Гипогамияға» — әйел ер адамнан білімді немесе табысты болатын одақтарға — ашық қарау;
— Білім деңгейін теңестіру — ұлдардың оқу үлгерімін арттыру, соның ішінде мектепке баруды сәл кешіктіріп бастау арқылы.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай