АҚШ Марсқа ұшатын алғашқы ғарышкерлерді 2030 жылдардың басында аттандыруды көздеп отыр. Бұған дейін NASA Айға қатысты бірнеше жоспарын жүзеге асырады.

АҚШ көлік министрі әрі NASA-ның уақытша әкімшісі Шон Даффи FoxNews-ке берген сұхбатында агенттіктің алғашқы пилоттық миссиясын 2030-жылдардың басында Марсқа жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.

Даффидің айтуына қарағанда, жақын арада АҚШ Айға құрылысқа арналған материалдарын апара бастап, база салуды қолға алады. 2026 жылдың көктемінде NASA құрамында төрт адамнан тұратын экипаж бар ғарыш кемесін Айды айнала ұшыруды жоспарлап отыр.

2027 жылы АҚШ-тың Айға қону жоспары бар. Даффидің сөзіне қарағанда, астронавтар онда 8–12 күн болады. Соңғы Айға сапар бар болғаны үш тәулікке созылған еді.

2019 жылдың көктемінде NASA бірнеше кезеңнен тұратын Artemis Айға сапар жобасын таныстырды. Оның алғашқы кезеңі 2022 жылы 16 қарашадан 11 желтоқсанға дейін өтті: Orion кемесі Айды айналып, Жерге оралды. Екінші кезеңде экипажы бар кеме Айды айналуға тиіс. Үшінші кезеңде NASA астронавтарды Айға қондырып, кейін Марсқа аттандыруды жоспарлап отыр. Artemis бағдарламасының екінші және үшінші кезеңдерінің мерзімдері бірнеше рет шегерілген.

2025 жылдың тамызында Даффи Айға ядролық реактор жеткізу жоспары туралы мәлімдеген. Сондай-ақ, Айда ядролық энергия көзін пайдалану тәжірибесі Марсқа және ғарышты одан әрі игеру үшін өте құнды болатынын атады.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай