Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөністерді өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен, сондай-ақ Қазақстан нарығында қолданылатын өндірістік технологиялармен танысты.

Фото: akorda.kz

Шаруашылықтағы барлық үдеріс химиялық өңдеусіз, тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданбай жүргізіледі. Қазіргі таңда кәсіпорында 160 адам еңбек етеді, өнімдері Қазақстанның 10 қаласына жеткізіледі.

Президент «Лукоморье» тұқымбағын аралап көрді. Бұл орталық автоматтандырылған жүйелер арқылы жылына 1,5 миллион түпке дейін ағаш, сәндік бұталар мен гүлдер өсіруге қауқарлы. Оның өнімдері ел қалаларында сұранысқа ие және Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.

Мемлекет басшысына Turanga сәндік өсімдіктер тұқымбағын ұйымдастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Онда 130 мыңға жуық ағаш және 3,5 миллион түп бұта өсіру жоспарланып отыр.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz