Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz
Қазіргі таңда қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын төрт арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар, қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері анықталып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды дамыту бойынша жол картасы қолға алынған, ал басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.
Gate City тұрғын үй алабы қарқынды дамып келеді. Мұнда «жайлы мектеп», сондай-ақ «Маревен Фуд Тянь-Шань», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты сияқты кәсіпорындар жұмыс істеп, жүйелі кластер құруда.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz
Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталған, оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады. Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі картоп өңдеу зауытын салуда. Mars Petcare үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.
Президентке Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен болып табылады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтереді.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz