Иран Израильмен соғысуға «шындап кіріскенін» мәлім етті
18.06.2025

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (IRGC немесе КСИР) Тель-Авивтегі кей аудан тұрғындарын эвакуациялауға шақырды.
КСИР Израильдің әуе кеңістігін толық бақылауға алғанын мәлімдеп отыр. Иран мұндай мәлімдемені Израильге жасалған соңғы зымыран соққысынан кейін жария етті.
Израиль Қорғаныс армиясыИран жөнелткен 25 зымыранның түнгі уақытта, екі кезең бойынша атылғанын хабарлады. Әуе кеңістігі арқылы жасалған шабуыл бір сағатқа созылған. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
Ұлыбританияның сыртқы барлау қызметі саналатын M1I6-тың бұрынғы басшысы Джон Сойерс BBC-ге сұхбат беріп, Израильдің Ирандағы кейбір аса маңызды ядролық нысандарға шабуылдамағанын жеткізді. Иран қоймаларының жерастындағы терең бекіністерінде орналасқанын айтты.