Қазақстан мен Қытай стратегия бағытындағы серіктестікті тереңдету және ауқымдандыру туралы 24 келісім түрлі келісімге келді. Ел басшыларының келіссөзі нәтижесінде бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты.

Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасында электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум екі ел арасындағы электрондық сауданың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарында: мемлекеттік реттеу мәселелері, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу, логистиканы дамыту, инвестициялар тарту, сондай-ақ ұлттық және елдік павильондар ашу бар. Құжатта электрондық сауда саласындағы өзара сенімге негізделген өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, Меморандум екі тараптың да екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ұмтылысын көрсетеді.

Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жаңа «алтын кезеңге» қадам басқанын мәлімдеп, Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады.

Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Тоқаевқа ризашылығын білдірді.