Үндістан пен Пәкістан қақтығысы. Air Astana әуе рейстерін тоқтатып, жолаушыларды жеткізудің амалын қарап жатыр
08.05.2025

Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігі жабылды. Қазақстанның Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін тоқтатуға мәжбүр болды.
Жолаушыларын жолдан қалдырған әуе компаниясы билет құнының толық қайтарылатынын атады.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
— Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін боламыз, — делінген компания таратқан хабарламада.