Қытай ең алпауыт уран өндірушіге айналуы мүмкін.  Шығыстағы көрші мұхиттан уран өндіруді мақсат етіп отыр.

Сарапшы уран қорын талдап, қытайы уранның қарқынына, құны мен өндірісіне қатысты пікір айтты.

МАГАТЭ сарапшыларының айтуына қарағанда, жер бетінде бұған дейін анықталған уран қорлары 2080 жылға қарай сарқылады. Бұл хақында Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің «Қызыл кітап» баяндамасында талданған.

Әлемде қазір 8 млн тонна уран қалған. Қор бойынша Аустралия алғашқы орында, кейінгі сатыда — Қазақстан. Қоры — 900 мың тонна.

Бір ерекшелігі, уран мен мұнай қорының сарқылуын бөгеген басты фактор  — жаңа технология. Мұнай және газ саласының сарапшысы Асқар Исмаиловтың айтуына қарағанда, мұнай әлі де 20-30 жыл «өмір сүреді».

Жаһандық мұнай нарығының көлемі 3 трлн долларға бара-бар. Мұнай компаниялары өздерінің капиталды инвестицияларын өтеуді көздейді. Сол себептен де, қара алтын нарығының жойылғанын ешкім қаламайды.

Сонымен қатар сарапшы Қытайдың мұхит суынан уран өндіре бастағанын айтты. Мұхиттарда шамамен 4,5 млрд тонна уран барын ескертіп, бірнеше жылға «азық боларын» атады. Дегенмен, қытай жағы уран өндіруді өнеркәсіптік деңгейге жеткізіп, ілгерлетуге тиіс.

Орайы келгенде айта кетейік, әлемде уранның 1 фунты (шамамен 0,45 келі) 55 доллар тұрады. Маман бағаның алдағы  уақытта да бірнеше өсуі мүмкін екенін айтты. Оның негізгі себебін түсіндіріп, электр энергиясын қолданудың артқанын алға тартты.