Былтыр елімізде 11 000 287 адам саяхатқа шыққан.  Ел тұрғындарының 9 903,5 адам (87,7%) өңірлер мен республика ішінде саяхаттаған.  Тек 1 383,4 адам (12,3%) ғана шетелге сапарлаған.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстан азаматтарының басым бөлігі демалу мақсатында саяхаттаған.  Көрсеткіші — 10 532,8 адам (93,3%), ал іскерлік және кәсіби мақсатта — 754,2 адам (6,7%) сапар шеккен.

Ел ішінде саяхаттаған туристердің көпшілігі қонақ үйде қалмағаны байқалады. Яғни, жатын орын үшін туыстары мен таныстарының шаңырағына ат басын бұруды жөн көрген (64,2%) . Қонақ үйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және шипажайларда (3,3%) тоқтағандардың үлесі аз.

Қазақстандықтар қандай көлікпен қатынаған?

Ел ішінде сапарлағандардың:

өз автокөлігі — 36,1%

пойыз — 26,4%.

Ал шет елге барушылар ұшаққа мінген (55,7%).

Былтырғы қазақстандықтардың саяхатқа жұмсаған қаржысы  957,7 млрд теңге болды. Ел ішін кезуге 582,7 млрд теңге (60,8%) шығындаған.