Нақты өсім көлік пен сауда есебінен. Жыл басталғалы еліміздегі ЖІӨ өсімі 6%-ға жетті

Ұлттық экономика министрлігі биылғы ЖІӨ-ге қатысты төрт айдың қорытындысын жариялап, өсімнің 6% болғанын жазды. Экономиканың негізгі салаларында өсімнің болғаны байқалады.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, нақты өсім көлікте (22,4%), саудада (7%) болған. Ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да қарқынды даму динамикасы аңдалған.
Көлік саласындағы өсім жүктерді тасымалдау есебінен болды. Саланың жалпы көлеміндегі 20,5% және 19,6%-дар темір жол және құбыр арқылы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қатысты. Аймақтар бойынша айшықтар болсақ, жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді.
Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі — 16,2%. Мәліметте:
Сауда саласы бірінші тоқсандағы 6,3%-ға қарағанда 7% тұрақты өсуді көрсетті. Көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өсті. Бірқатар өңірлер: Түркістан облысы – жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%; Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%; Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсімді көрсетті, — деп жазылған.
Өнеркәсіп саласында өсім байқалған. Мұндағы өндіріс индексі 6,4% жетті. Өсім тау-кен секторында (7,1%) нақты байқалды. Атап айтқанда көмір өндіруді ұлғайту есебінен (11,2%) болған.
Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 7,2%-ға тең, оның ішінде:
- тамақ өнімдерін өңдеу (12%);
- темекі өнімдерін (26,3%):
- химиялық өнімдерді өндіру (11,2%);
- машина жасау (11,2%).
Ауыл шаруашылығында да оң динамиканы төбе көрсетті. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір аралығында 3,9% болды.