КХДР Ресей үшін отқа түскенін ақыры мойындап, әскер аттандырғанын растады
28.04.2025

КХДР алғаш рет Ресейге әскер аттандырғанын растады.
Солтүстік Корея алғаш рет өз сарбаздарының Ресей Федерациясының Украинаға қарсы жүргізген басқыншылық жорықтарына қатысқанын растады және «Курск облысын босату операцияларында жеңіске жетті» деп мәлімдеді.
Оңтүстік Корея мен батыс барлау агенттіктерінің мәліметтеріне иек артқан AFP агенттігінің жазуына қарағанда, 2024 жылы Солтүстік Корея жағы Ресейге қолдау көрсеткен. Олар Украинаның Курск қаласына жасаған шабуылы кезінде «асқан жомарттық» танытып, Ресейге 10 000-нан астам сарбаз аттандырған.